Португалиялық жұлдыз Нани клуб сапындағы алғашқы голын соқты
Португалиялық легионер Нани алғаш голдарын соғып, «Ақтөбеге» Қазақстан Кубогының ширек финалына жол ашты, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 сәуір күні Қазақстан Кубогының кезекті матчтары аясында «Ақтөбе» өз алаңында семейлік «Елімайды» қабылдады. Кездесу барысында жанкүйерлер ерекше сәтке куә болды. Португалиялық жұлдыз Нани клуб сапындағы алғашқы голын соқты. Бұл оның қазақстандық футболдағы алғашқы нәтижелі соққысы.
Ойынның екінші бөлігінде Нани тағы бір мәрте көзге түсіп, дубль авторы атанды. Осылайша, алаң иелері есепті 2:0-ге жеткізді. Матч соңында «Елімай» бір ойыншысынан айырылып, аз құрамда қалды.
Қонақтар қосымша уақытта бір голмен жауап қатқанымен, бұл нәтиже ойын тағдырына әсер ете алмады.(2:1)
Айта кетелік, нәтижесінде, «Ақтөбе» сенімді жеңіске жетіп, Қазақстан Кубогының ширек финалына жолдама алды.