ҚПЛ клубының жаңа стадионының құрылысы басталды
Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында 10 000 көрерменге арналған жаңа стадионның іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sportarena.kz-ке сілтеме жасап.
Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Көкшетау қаласының әкімі әрі облыстық футбол федерациясының президенті Ануар Күмпекеев, Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин, сондай-ақ өңір тұрғындары қатысты.
Облыс әкімі бұл жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қыркүйекте өңірге жасаған жұмыс сапары барысында берген тапсырмалары аясында іске асырылып жатқанын атап өтті.
Жоба UEFA ұйымының 4-категория талаптарына сәйкес келетін заманауи инфрақұрылым болады: жайлы трибуна, санитарлық аймақ және фудкорт бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған. Сондай-ақ өңірде «Оқжетпес» футбол клубы үшін толыққанды жаттығу базасын салу жоспарланып отыр.