Аршавиннің «Қайраттағы» жалақысы белгілі болды

Аршавиннің «Қайраттағы» жалақысы белгілі болды

«Қайрат» футбол клубының иесі әрі бизнесмен Қайрат Боранбаев Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавиннің клубта жылына 350 000 доллар алғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты СЭ-ге сілтеме жасап.

«Аршавин жылына ең көп болғанда 350 000 доллар алды», - деді ол 3amandas подкастында. 

Айта кетейік, Аршавин «Қайратта» 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың қарашасына дейін ойнады. Осы уақыт ішінде ол 108 матчқа қатысып, 30 гол соқты және 37 нәтижелі пас берді.

Клуб сапында ол екі рет Қазақстан кубогының (2017, 2018) және ел Суперкубогының (2017) жеңімпазы атанды, сондай-ақ үш рет ұлттық чемпионаттың күміс жүлдегері атанды (2016, 2017, 2018).

Қазақстан кубогы: «Астана» өз алаңында «Тобылдан» жеңіліп қалды

«Қайрат» күтпеген жерден Қазақстан кубогынан шығып қалды

Әубәкіров «Қайрат» қақпасына соғылған голдың қате есептелгенін мәлімдеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или