Оңтүстік Кореяда қылыштасудан Гран-при турнирі өтеді

Оңтүстік Кореяда қылыштасудан Гран-при турнирі өтеді

Ертең, 1 мамырда Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) қылыштасудан Гран-при санатындағы халықаралық турнир басталады.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы бақ сынайды.

Инчхондағы турнирде ел намысын Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев және Артем Саркисян қорғайды.

Айта кетейік, Гран-при жарысы 3 мамырға дейін жалғасады.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или