Нұраддин Рысбайұлы лауазымды қызметке тағайындалды
Нұраддин Рысбайұлы Садықов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы вице-президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты федерацияның баспасөзіне сілтеме жасап.
Нұраддин Рысбайұлы 1986 жылы дүниеге келген. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, 2009 жылы аталған факультеттің магистратурасын тәмамдаған.
2018 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын “Денешынықтыру және спорт” мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын ҚР ҰҒА қарасты Ғылыми институттарда бастап, әр жылдары түрлі БАҚ, кино өндірісі салаларында жауапты қызметтер атқарған.
Соңғы жылдары кәсіпқой аралас жекпе-жек саласында әлемдік компанияға айналған OCTAGON лигасының негізін қалап, жемісті басқарып келеді. Қазақстан Респуликасының “Құрметті спорт қызметкері” төсбелгісінің иегері.
Нұраддин Садықов спорт менеджменті саласында зор тәжірибесі бар маман ретінде Қазақстанның кәсіпқой спорт индустриясының дамуына елеулі үлес қосып келеді.