Үш қазақстандық балуан жағажайдағы Азия ойындарының қола медалі үшін күреседі

Үш қазақстандық балуан жағажайдағы Азия ойындарының қола медалі үшін күреседі

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жағажай күресінен плей-офф бәсекелері өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының үш өкілі ақтық сынға жолдама алу үшін бақ сынады.

80 келіге дейінгі салмақта Ермахан Көшкінбаев ирандық Али Голамимен кездесіп, қарсыласына 4:0 есебімен жол берді. Енді қазақстандық спортшы қола жүлде үшін өтетін бәсекеде қытайлық Фэн Лумен күш сынасады.

Әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Бейбіт Сейдуәлі қытайлық Цзя Лунмен белдесті. Нәтижесінде қытайлық балуан 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша, Бейбіт үндістандық Каур Жаспритпен қола жүлдені өзара сарапқа салады. 

Алина Ертөстік 70 келіден жоғары салмақтың финалына жолдама алу үшін моңғолиялық Болортунгалаг Зоригтпен күресті. Белдесудің қорытындысы бойынша Моңғолия өкілі 2:0 есебімен жеңді. Енді отандасымыз қола жүлде үшін өтетін айқаста қытайлық Вэньцзи Лимен кездеседі.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер 29 сәуірде, Астана уақытымен 7:00-де басталады.

Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Қазақстан Азиадада спорттық құзға өрмелеуден тарихи медаль жеңіп алды

Түркияда кәсіпқой бокс жанкүйерлері төбелес ұйымдастырды

Спорттық құзға өрмелеушілер Ришат Хайбуллин мен Дамир Тоқтаров келесі кезеңге жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или