«Атырау» қарсыласын ойсырата жеңді

«Атырау» қарсыласын ойсырата жеңді

«Атырау» Қазақстан футзал чемпионатының 41-туры аясында өз алаңында «Каспий» командасын сенімді түрде ұтты( 4:0) , деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу басында алаң иелері басымдықты өз қолына алды. 11-минутта Алиссон Сантос пенальтиден есеп ашты. 20-минутта Наурызбек Амандыков басымдықты арттырса, екі минуттан кейін Габриэл Оливейра есепті еселей түсті.

Ойынның соңына қарай тағы да Амандыков көзге түсіп, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп — 4:0 құрап тұр. 

Айта кетелік, жеңістен кейін «Атырау» 76 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Ал «Каспий» 63 ұпаймен 6-орында қалды.

Еуропа чемпионатында 7 гол соққан футболшы «Қайраттан» кетеді



Қазақстан кубогының 1/8 финалына төрешілер тағайындалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или