«Ақтөбе» «Астананы» үздіксіз 5 голмен ойсырата жеңіп кетті
Қазақстан футзал чемпионатының 42-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында «Астана» командасын ірі есеппен ұтты (7:1), деп хабарлайды, Prosports.kzz
Ойынның басында қонақтар есеп ашты. Ерсұлтан Тәжімұқан мергендік танытты, бірақ көп ұзамай Егор Нулет таразы басын теңестірді.
Матчтың басты қаһарманы Альберт Акбаликов болды. Ол қарсылас қақпасына 5 гол соғып, пента-трик авторы атанды (16, 21, 30, 31, 36-минуттар). Сондай-ақ бір голды Алихан Хасен қосты.
Айта кетелік, аталмыш жеңістен кейін «Ақтөбе» 84 ұпай жинап, турнир кестесінде 3-орында тұр. Ал «Астана» 43 ұпаймен 9-орында қалып, плей-офф аймағынан тыс қалды.
Еуропа чемпионатында 7 гол соққан футболшы «Қайраттан» кетеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или