Қазақстандық жас теннисші J100 турнирінің финалисі атанды

Қазақстандық жас теннисші J100 турнирінің финалисі атанды

Қазақстандық 15 жасар теннисші Ансар Ниетқалиев Қытайда 18 жасқа дейінгілер арасындағы турнирдің финалисі атанды, деп хабарлайды Prosports.

Қазақстандық теннисші Ансар Ниетқалиев Қытайдың Ухань қаласында өткен J100 турнирінде үздік нәтиже көрсетті. Ансар небәрі 15 жаста болса да, 18 жасқа дейінгілер санатында өнер көрсетіп, жоғары жас тобындағы тәжірибелі қарсыластарымен терезесі тең ойын үлгісін байқатты.

Финалдық бәсекеде отандасымыз жарыстың бірінші ракеткасы, қытайлық Цзяху Хумен (Jiahu Hu) кездесті. Өзінен жасы үлкен қарсыласына қарсы өткен матчта Ансар екі сетте жол беріп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Ниетқалиевтің Қытайдағы сапары өте сәтті өтуде: осыдан бір апта бұрын ол Гуанчжоуда өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J60)додасында жеңімпаз атанған болатын. 18 жасқа дейінгілер арасында көрсеткен бұл нәтижесі Ансардың әлемдік рейтингтегі орнын айтарлықтай нығайта түспек.

Бублик Мадридте грекиялық теннисшіге есе жіберді

Шымкенттегі турнирдің жеңімпаздары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или