Саве марафонда тарихи рекорд орнатты

Саве марафонда тарихи рекорд орнатты

Кениялық жүгіруші Себастьян Саве марафонда жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 сәуір күні өткен Лондон марафонында 30 жастағы спортшы 1 сағат 59 минут 30 секунд нәтижемен жеңіске жетті. Осылайша ол марафонды екі сағаттан аз уақытта жүгіріп өткен алғашқы адам атанды.

Екінші орын алған эфиопиялық Йомиф Кейелча 1:59:41 нәтижесін көрсетті.

Бұған дейінгі әлемдік рекорд кениялық Келвин Киптумға тиесілі еді. Ол 2023 жылы Чикаго марафонын 2 сағат 35 секундта жүгіріп өткен болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или