UFC 330 турниріне ықтимал басты айқас анықталды
Тамыз айында Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінде Ислам Махачев пен Иэн Мачадо Гэрри арасында жекпе-жек өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ирландиялық файтер соңғы рет 2025 жылдың қарашасында Белал Мұхаммадпен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен. Оның еншісінде 17 жеңіс және бір жеңіліс бар.
Ал Махачев соңғы айқасын 2025 жылдың қарашасында өткізіп, Джек Делла Маддаленаны төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанған. Қазір оның рекорды — 28 жеңіс және бір жеңіліс.
Бұл жекпе-жек ресми түрде әлі бекітілмеген, алайда екі файтердің кездесуі турнирдің басты оқиғасына айналуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или