Николай Веретенниковтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Қазақстандық MMA файтері Николай Веретенниковтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
16 мамырда Лас-Вегаста UFC Fight Night 276 (UFC Vegas 117) турнирінде Веретенников (14-7) «Хаос» деген атпен танымал америкалық Калинн Уильямспен (15-5) кездеседі деп жоспарланған.
Алдыңғы жекпе-жегінде қазақстандық файтер 7 ақпанда тағы бір америкалық Нико Прайсты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын. 2020 жылдан бері UFC-де жұдырықтасып келе жатқан оның «Хаос» қарсыласы өткен маусымда төрешілер шешімімен шведтік Андреас Густафссоннан жеңіліп қалған болатын.

Бекзат Алмахан Бакуде жекпе-жек өткізеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или