Жағажайдағы Азия ойындары: Қазақстандық спортшылардың нәтижелері

Жағажайдағы Азия ойындары: Қазақстандық спортшылардың нәтижелері

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында әйелдер арасында 5 шақырымдық қашықтыққа жүзуден финалдық жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл сында Қазақстан құрамасының намысын Мария Федотова мен Дарья Пушко қорғады.

Команда ішіндегі ең үздік нәтижені Мария Федотова көрсетті. Ол қашықтықты 1:04:15.4 уақытта бағындырып, алтыншы орынға тұрақтады.

Ал Дарья Пушко 1:06:43.9 уақыт нәтижесімен оныншы орында мәреге жетті.

Алтын медальді қытайлық Синь Сюань Ли жеңіп алды - 1:01:33.6. Күміс жүлде оның отандасы Ицзин Ченьге бұйырды - 1:01:43.2. Үздік үштікті вьетнамдық Тьен Май Тхи Во түйіндеді - 1:01:57.7.

Айта кетейік, жарысқа барлығы 17 спортшы қатысты.

Виктория Графеева жартылай финалға жолдама алды

Фарух Тоқтасынов әлем кубогының жартылай финалына шыға алмады

Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар жазаланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или