Наталья Богданова әлем кубогындағы жорығын қорытындылады
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогының 1/8 финалында жеңілгеннен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Менің қолымды көтермеді.
Көпшіліктің маған сенгенін және басқа нәтиже күткенін білемін. Мен де жеңіске үміт арттым. Бірақ ол үмітті ақтай алмадым. Жеңілісті қабылдау қиын. Бірақ жеңіліс те менің жолымның бір бөлігі.
Жекпе-жекке дейін, барысында және одан кейін қолдау білдірген баршаңызға рақмет. Хабарламаларыңызды көріп отырмын және оны сөзбен жеткізгеннен де артық бағалаймын.
Қателіктерімді талдап, қорытынды жасап, күштірек болып ораламын.
Бірге болғандарыңызға рахмет», - деп жазды ол әлеметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, 70 келідегі Наталья Богданова Токио-2020 Олимпиада чемпионы, әрі үш дүркін әлем чемпионы түркиялық Бусеназ Сюрменелимен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді.
Ұлттық құрама капитаны жанкүйерлердің қысымы туралы пікір білдірді