Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жарыс жолынан шығып қалды

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы (65 келі) әлем кубогы кезеңіндегі екінші жекпе-жегін франциялық Хуго Грауға қарсы өткізді. Отандасымыз қарсыласы өзінен ұзын болса да, арақашықты қысқартып, шабуылдарын өткізуге тырысты. Ал франциялық спортшы қашықтықта қарымта соққыларымен күтумен болды. Нәтижесінде жекпе-жек өте шиеленісті өтіп, 3:2 есебімен Хуго Грау басым түсті.

Айта кетейік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде Хассен Аттиямен (Тунис) жұдырықтасып, 5:0 есебімен басым түскен еді.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бразилиядағы Әлем кубогын жеңіспен бастады

Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан аса алмады

Әлем кубогы: Төртінші күннің тікелей трансляциясы


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или