«Барыстың» үздік сұрмергені командадан кетеді
«Барыс» шабуылшысы Майкл Веккьоне 2026/2027 маусымында командада қалмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соған қарамастан, ол КХЛ-де өнерін жалғастырады. Лигада бұл ойыншыға сұраныс жоғары екені айтылып отыр.
Өткен маусымда Веккьоне 65 матчқа қатысып, 19 шайба соғып, 27 нәтижелі пас берді. Ол «Барыстың» ең үздік мергені атанды.
Мәліметке сәйкес, хоккейші мұз айдынында ғана емес, команда ішінде де өзін жақсы жағынан көрсеткен. Алайда кейбір ойындық факторлар оның толық ашылуына кедергі болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или