Царукян Чимаевке қарсыластар ұсынды
UFC файтері Арман Царукян Хамзат Чимаевтің Real American Freestyle (RAF) лигасына қосылуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның пікірінше, Чимаев алдымен ММА-дағы мықты балуандармен белдесуі керек. Атап айтқанда, ол Бо Никал, Колби Ковингтон және Крис Вайдманмен кездесулер қызық болатынын айтты.
Царукян Кайл Снайдермен жекпе-жек те жақсы нұсқа екенін мойындады. Бірақ Чимаев алдымен ММА өкілдеріне қарсы бір-екі белдесу өткізіп алғаны дұрыс деп санайды.
Айта кетейік, Чимаев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың тамызында өткізіп, Дрикус Дю Плессиені төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, UFC-дегі орта салмақтың чемпионы атанған. Оның еншісінде 15 жеңіс бар, жеңіліс жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или