Өзбек файтері қазақстандық чемпионға шүйлікті
Өзбекстандық файтер Шохасан Мирзаматов қазақстандық чемпион Богдан Пшебельскийге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
OCTAGON 85 турниріндегі басты жекпе-жекте ол алғашқы секундтарда саусағынан жарақат алып, айқасты жалғастыра алмады. Осыдан кейін Мирзаматов қарсыласы реванштан қашып жүр деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, чемпион реваншқа шығудан қорқатын болса, белбеуден бас тартуы керек. Сондай-ақ ол кез келген уақытта қайта жекпе-жекке дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, 1 мамыр күні Ташкентте OCTAGON 86 турнирі өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық чемпион Саят Абдуали өз белбеуін қорғап, өзбекстандық Асадбек Саидовпен кездеседі.
Ко-мейн ивентте Камариддин Хасанов пен Одилхон Камолов үшінші рет октагонда жолығады.