Геннадий Головкин әлем кубогына арнайы барды

Геннадий Головкин әлем кубогына арнайы барды

Бұл күндері Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing халықаралық федерациясының ұйымдастыруымен бокстан әлем кубогының осы жылдағы алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин де аталған додаға арнайы қонақ болып барды.

Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем кубогының алғашқы кезеңіне 50 елден 400 боксшы қатысуда. Бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Әлем кубогында Қазақстан атынан 16 боксшы бақ сынайды. Бұл дода 26 сәуірге дейін жалғасады.

Турнирдің келесі кезеңі 15–21 маусым аралығында Қытайда өтеді. Ал финалдық кезең 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Өзбекстанда жоспарланған.

Әлем кубогы: Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының әлем кубогына толық құрамы жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или