Қазақстан UFC Баку турнирінде екі жекпе-жекке ие болды

Қазақстан UFC Баку турнирінде екі жекпе-жекке ие болды

UFC ұйымы Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін турнирді ресми түрде растады. UFC Fight Night 280 турнирі 2026 жылдың 27 маусымына жоспарланған. Бұл кеште Қазақстаннан бірден екі файтер октагонға шығадыдеп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Негізгі назар Асу Алмабаевтың жекпе-жегіне аударылады. Қазақстандық спортшы мәжбүрлі үзілістен кейін қайтадан октагонға оралады. 56,7 келіге дейінгі салмақта ол дивизион рейтингінде 8-орында тұрған файтер ретінде америкалық Чарльз Джонсонмен (13-орын) кездеседі.

Алмабаев үшін бұл тек оралу ғана емес, сонымен қатар үздік ондықтағы орнын нығайтуға берілген мүмкіндік. Еске салайық, ол 1 наурыз күні Мехикода Брэндон Мореноға қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс еді, алайда қолынан алған жарақатына байланысты кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

Соңғы рет Алмабаев 2025 жылдың қараша айында Дохада өткен UFC Fight Night турнирінде өнер көрсетіп, америкалық Алекс Пересті үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген еді.

Сондай-ақ бұл турнирде Бекзат Алмахан да жекпе-жек өткізеді. 61,2 келіге дейінгі салмақта ол бразилиялық Жан Мацумотомен кездеседі. Бұл жекпе-жек алдын ала кард аясында өтеді.

Алмахан үшін бұл - жеңіс жолына қайта оралуға жақсы мүмкіндік. Ол соңғы жекпе-жегін де Дохада өткізіп, Александр Топурияға төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.

Қазақстандық файтерлерден бөлек, турнирде бірқатар танымал спортшылар да өнер көрсетеді. Жартылай ауыр салмақта Абдул-Рахман Яхьяев Джулиус Уолкермен кездессе, орта салмақта бірнеше тартысты айқастар жоспарланған: Абусупьян Магомедов Михал Олексейчукпен, Марвин Веттори Исмаил Наурдиевпен, Шара Буллет Мишель Перейрамен, Нурсултон Рузибоев Андрей Пуляевпен, ал Икрам Алиаскеров Бруно Феррейрамен күш сынасады.


OCTAGON 85 турнирінде тағы бір нокаут тіркелді

OCTAGON 85: қазақстандық файтер өзбек қарсыласын сұлатып түсірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или