Мысыр турнирі: Аружан Сағындықова 1/8 финалда ұтылды
WTA рейтингінде 765-ші орында тұрған қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласындағы ITF W35 жұптық турнирінің 1/8 финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
18 жастағы ресейлік Мария Головинамен (WTA рейтингінде 580-ші орында) бірге жұп құрап, италиялық Камилла Заньоли (555-ші орында) және Федерика Саккомен (709-шы орында) кездесті. Матч 1 сағат 33 минутқа созылып, 3:6, 6:3, 10:7 есебімен италиялық жұптың пайдасына аяқталды. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирден шығып қалды.
Жарыстың жүлде қоры 30 000 АҚШ долларын құрайды.
Қазақстандық теннисші Кванджу турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или