Азия ойындарында бокс салмақтары қысқартылды
Азия ойындарындағы бокс салмақ дәрежелерінің құрылымдарына өзгеріс енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер бағдарламасы жеті салмақ дәрежесінен алты салмақ дәрежесіне қысқартылды. Яғни, 65 келі салмақ дәрежесіндегі боксшыларымыз Азия ойындарында өнер көрсетпейді.
Ерлерге арналған салмақ дәрежелері: 55, 60, 70 ,80, 90, +90 келіс болып бекітілді.
Айта кетейік, осы өзгерістерге байланысты Нұрбек Оралбай 85 келіден 90 келіге және Аққалықов Сабыржан 75 келіден 80 келі салмаққа ауысқан болатын.
Сондай-ақ, 55 келі салмақта үш бірдей әлем чемпиондары – Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан арасында жолдама үшін тартысты бәсеке өтуі мүмкін.
Әлем кубогы: Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или