Зайнутдиновтың жарақатына байланысты тың ақпарат пайда болды

Зайнутдиновтың жарақатына байланысты тың ақпарат пайда болды

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, «Динамо» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың жағдайы туралы жаңалықтар шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Динамо» клубының бас директоры Павел Пивоваров жарақат алған Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың қазіргі жағдайы туралы айтты.

«Зайнутдиновқа келсек, ол қазір оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Жақын арада алаңға оралады деп күтеміз. Бірақ нақты мерзімін тек медициналық штаб айта алады», — деді Пивоваров.

Айта кетейік, Зайнутдинов 2025 жылдың қазан айында жарақат алып қалған болатын.

УЕФА Қазақстандағы екі стадионға тексеріс жүргізеді

Шымкентте UEFA PRO лицензиясына оқытудың 7-модулі басталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или