Шымкентте UEFA PRO лицензиясына оқытудың 7-модулі өтуде
Модуль жоғары білікті жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасының бір бөлігі саналады және элиталық деңгейде жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Оқытуда шабуыл әрекеттерін ұйымдастыру тәсілі, тактикалық периодизация, жарыс кезеңіндегі апталық микроциклді жоспарлау, сондай-ақ физикалық дайындықтың жаттығу үдерісіндегі техникалық-тактикалық мазмұнмен өзара байланысы талқыланады.
Сондай-ақ жаттықтырушы қызметіндегі психологиялық аспектілерге, көшбасшылық пен ойыншыларды мотивациялау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или