Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
«Қазақ титаны» лақап атымен танымал жалаң жұдырық шебері әрі кәсіпқой боксшы Алмат Жұмановтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 16 мамыр күні Эквадордың Кито қаласында өтетін Capital Box кәсіпқой бокс кешіне қатысады. Әзірге қазақстандық боксшының қарсыласы белгісіз.
Айта кетейік, оның бокс ережесі бойынша өткізген тоғыз жекпе-жегінің жетеуі Латын Америкасында өткен: алтауы Колумбияда, біреуі Эквадорда ұйымдастырылған.
Алмат Жұманов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 6 желтоқсанында Таиландтың Бангкок қаласында өткізген. Сол кездесуде ол жергілікті боксшы Джирасак Крансакунды бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Оның кәсіби рекорды — 8 жеңіс, 1 жеңіліс (5 КО).
Қазақстандық боксшы Чехиядағы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды