Дәулет Дәукенов мансабындағы кезекті жеңісін тіркеді
Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (17-2, 8 КО) Чехияның Прага қаласында өткен кәсіби бокс жарысында бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлесіміз словакиялық Лукас Пасторекпен (4-3, 4 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын және бүкіл қашықтыққа созылып, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Бұл Дәулет Дәукеновтің кәсіби мансабындағы он сегізінші жеңісі, ал Лукас Пасторек төртінші рет жеңіліске ұшырады.
Дәукенов алдыңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қазан айында өткізіп, ирандық боксшы Хашаяр Гассемиді (17-7, 16 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді.
Қарағанды Азия чемпиондарына қаржылай сыйақы берді
Маңғыстау облысы бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
Әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды