Маңғыстау облысы бокс федерациясына жаңа басшы сайланды

Маңғыстау облысы бокс федерациясына жаңа басшы сайланды

Ақтау қаласында Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов пен вице-президенті Болат Абдрахмановтың және Маңғыстау облысы бокс мамандарының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басқосуда өңірлік федерацияның жаңа президенті сайланды. Жаңа қызметке Магзумов Марат Нұрланұлы тағайындалды.

Магзумов Марат Нұрланұлы - 45 жаста, Маңғыстау облысының тумасы. Құқық қорғау жүйесінде 20 жылдан аса тәжірибесі бар, оның басым бөлігін басшылық лауазымдарда өткерген. Қаржылық тергеу, құқық қолдану практикасы және ішкі қауіпсіздік салаларында терең білімі бар. Прокуратура және қаржы полициясы органдарында жұмыс тәжірибесіне ие.

Қарағанды Азия чемпиондарына қаржылай сыйақы берді

Әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или