Британдық промоутер жекпе-жек тақырыбын көтерді
Британдық промоутер Эдди Хирн UFC басшысы Дана Уайтқа қатысты қатаң пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, Уайт өзі жекпе-жекке шақырып, кейін одан бас тартқан. Хирн мұндай әрекетті түсініксіз деп атап, қарсыласын екіжүзділікпен айыптады.
Сондай-ақ ол егер бұл айқас өткенде, үлкен қызығушылық тудыратынын айтты. Оның пікірінше, жекпе-жек басты оқиға ретінде ұйымдастырылып, үлкен стадион жинай алатын еді.
Хирн бұл кездесудің трансляциясы жоғары рейтинг жинайтынын және әлем бойынша миллионнан астам pay-per-view сатылуы мүмкін екенін де атап өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или