Норвегиялық биатлоншы күтпеген шешім қабылдады
Норвегиялық биатлоншы Стурла Холм Легрейд әлеуметтік желілерден кететінін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2026 жылғы Олимпиада кезінде даулы жағдайдан кейін көпшіліктің назарында жүрген спортшы бұл шешімін жеке парақшасында жариялады.
«Әлеужеліні қолданбаймын деп шештім. Бірақ ең әуелі тіркеліп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Рақмет» деп жазды Легрейд.
Еске салсақ, бұған дейін норвегиялық спортшы Олимпиада ойындарында қола жүлде алғаннан кейін берген сұхбатында жеке өміріне қатысты мәлімдемесімен шу тудырған еді.
Айта кетелік, сондай-ақ ол биыл әлем кубогы кезеңінде аты аңызға айналған Уле-Эйнар Бьорндаленнің рекордын жаңартқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или