Мейірім Нұрсұлтанов WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді
WBC орта салмақтағы рейтингіндегі бірінші нөмірлі үміткер, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов уақытша титул үшін жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Birinshibol-ға сілтеме жасап.
«Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін келісімшартқа қол қойды.
Хабарларға қарағанда, Нұрсұлтановқа уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігі берілген. Қазіргі уақытта оның қарсыласынан екі апта ішінде жауап күтілуде. Боксшының бұрын екі рет бас тартылған АҚШ визасын алғаны да хабарланды», - деп хабарлайды портал.
Қарағанды Азия чемпиондарына қаржылай сыйақы берді
Маңғыстау облысы бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
Әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды