Қазақстандық теннисші Штутгарттағы турнирдің жартыла финалына өтті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина әлемнің 25-ракеткасы канадалық Лейла Фернандеспен кездесіп, оны 6:7 (5:7), 6:4, 7:6 (8:6) есебімен жеңді.
Кездесу 3 сағат 2 минутқа созылды.
Жартылай финалда Рыбакина ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі. Ширек финалда Мирра польшалық теннисші әлемнің 4-ракеткасы Ига Швёнтекті 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Рыбакина 2026 жылғы Porsche Tennis Grand Prix турнирінің басты фавориті. Турнирдің жүлде қоры 1 049 083 еуро. Жеңімпаз 161 310 еуро және 500 рейтингтік ұпай жинайды.
Штутгарт турнирі: Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды
Рыбакинаның Штутгарттағы матчына бейнешолу жарияланды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или