«Астана» баскетбол клубының бас бапкері қайтыс болды

«Астана» баскетбол клубының бас бапкері қайтыс болды

«Астана» баскетбол клубы команданы4 бас бапкері Рамунас Цвирканың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рамунас Цвирка өмірінің едәуір бөлігін баскетболды дамытуға арнаған тәжірибелі бапкер болды. Оның басшылығымен команда жоғары кәсібилік пен нәтижеге деген құштарлықты көрсетті. Оның клуб пен оның ойыншыларының дамуына қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес.

Клуб қызметкерлері, ойыншылары және басшылығы Рамунас Цвирканың отбасы мен достарына осы қайғылы қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтады, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, «Астана» клубы өткен жылы ВТБ Біріккен лигасына қатысуын тоқтатып, Қазақстан чемпионаты мен Батыс Азия Суперлигасындағы (WASL) матчтарға назар аударды.


Қазақстанда паделден халықаралық турнир өтеді

Шок мәлімдеме: Рахмонов балаларынан бас тартты ма?

Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или