Коста: Ульберг ұзақ уақытқа қатардан шығуы мүмкін

Коста: Ульберг ұзақ уақытқа қатардан шығуы мүмкін

UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы жетінші нөмірі Пауло Коста Карлос Ульбергтің жарақатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық файтердің айтуынша, ол Ульбергпен сөйлескен және жаңазеландиялық чемпионға ота жасалатыны белгілі болған. Қалпына келу процесі шамамен бір жылға созылуы мүмкін.

Коста осы жағдайға байланысты титулды қайта сарапқа салу қажет деп есептейді. Оның пікірінше, уақытша немесе вакантты белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастырылуы тиіс.

Сондай-ақ ол келесі болып чемпиондық жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты. Қарсыластың кім болатыны маңызды емес екенін жеткізіп, Магомед Анкалаевпен кездесуге де қарсы еместігін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или