Ульберг титулды жеңіп алып, кейін жоғалтып алды

Ульберг титулды жеңіп алып, кейін жоғалтып алды

Карлос Ульберг Майамиде өткен UFC 327 турнирінде Иржи Прохазканы бірінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алайда жекпе-жектен кейін оның айналасында күтпеген жаңалықтар тарай бастады. Бразилиялық Пауло Коста Ульберг жарақатына байланысты ота жасатуы мүмкін екенін айтып, ұзақ уақытқа қатардан шығып қалса, титулдан айырылуы ықтимал екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Ульбергтің өзі белбеуін жоғалтып алғанын мойындады. Оның айтуынша, жеңістен кейін командасымен бірге алдымен түнгі клубта, кейін пәтерде тойлаған.

Файтер белбеуді сол жерде қалдырып кеткен болуы мүмкін екенін айтты. Тіпті достарының бірі алып кетуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Соған қарамастан, Ульберг бұл жағдайды әзілмен қабылдап, алда әлі талай белбеу жеңіп алатынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или