Григорий Ломакин Қытайдағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин америкалық Эван Чжумен бірге Қытайдың Аньнин қаласында өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалдық кездесуде Ломакин мен Чжу австралиялық Джесси Дилэйни мен Солтүстік Мариан аралдарынан келген Колин Синклерден 4-6, 3-6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 1 минутқа созылды.
Григорий Ломакин бұған дейін Тайвань теннисшісі Ли Куань-иге қарсы жекелей кездесу өткізіп, екінші айналымда 2-6, 0-6 есебімен жеңілген болатын. Осылайша, Қазақстан теннисшісі турнирдегі өнерін аяқтады.
Қазақстандық теннисші Португалиядағы жарыстан шығып қалды
WTA қазақстандық теннисшілердің рейтингін жаңартты
Billie Jean King Cup: Қазақстан мен Канада теңесті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или