Штутгарт турнирінде күтпеген нәтиже: әлемнің 8-ракеткасы жарыстан шығып қалды
Штутгартта өтіп жатқан теннис турнирінде күтпеген нәтиже тіркелді. Әлемнің 8-ракеткасы, италиялық Жасмин Паолини жарысты бірінші айналымда аяқтады, деп һабарлайды Prosports.kz.
Ол түркиялық Зейнеп Сёнмезге 2:6, 2:6 есебімен жол берді. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
Айта кетелік, келесі айналымда Сёнмез канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Ал турнирді екінші айналымнан бастайтын қазақстандық Елена Рыбакина Диана Шнайдерге қарсы ойнайды.
Қазақстандық теннисші Португалиядағы жарыстан шығып қалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или