«Горняктың» қақпашысына «Барыс» қызығушылық танытты

«Горняктың» қақпашысына «Барыс» қызығушылық танытты

Рудныйлық «Горняк» қақпашысы Владислав Нурекке «Барыс» клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметке сәйкес, тараптар келіссөздерді бастап кеткен. Қақпашы жақында ұзақ үзілістен кейін Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырту алған.

Ол әлем чемпионатына баратын соңғы құрамға енуі мүмкін. Алдын ала дерек бойынша, Нурек турнирге Андрей Шутов пен Никита Бояркинмен бірге баруы ықтимал.

Айта кетейік, қақпашы ұлттық құраманың бапкерлер штабына жақсы әсер қалдырған. «Горняк» клубы Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионатында алтыншы орын алып, плей-оффтың ширек финалында қарағандылық «Сарыарқаға» бес матчта жол берген.

Нурек маусым барысында 47 матчта алаңға шығып, плей-оффта 5 ойын өткізді. Оның көрсеткіші – 91,7% сейв және сенімділік коэффициенті 2,8.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или