Ислам Медетбай әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Ислам Медетбай әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Ислам Медетбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Медетбай әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жетті. Алайда финалға шығу үшін өткен кездесуде жеңіске жете алмады.

Осылайша, ол Қазақстан қоржынына жасөспірімдер әлем чемпионатындағы екінші қола медальді салды. Бұған дейін Ерасыл Ерзат та үшінші орын алған еді.

Қазіргі бессайыстан ӘК: Қазақстан құрамасының нәтижесі

Үміткерлер турнирі: Бибісара Асаубаева матчты тең аяқтады

Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или