Әлем чемпионаты: Қазақстан алғашқы медалін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы таеквондодан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қола медальді Ерасыл Ерзат жеңіп алды.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде Аль-Юсуфи Фахадқа жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.
Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или