Стивсон UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалуда
Америкалық ММА файтері, еркін күрестен Олимпиада чемпионы Гейбл Стивсон UFC-пен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі UFC 327 турнирі кезінде мәлімдеді. 25 жастағы спортшы енді әлемдегі ең ірі ММА промоушенінде өнер көрсетеді.
Стивсонның дебюттік жекпе-жегі UFC 329 турнирінде өтеді. Жарыс 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста ұйымдастырылады. Әзірге оның қарсыласы белгісіз.
Айта кетейік, Гейбл Стивсон ММА-да да тәжірибесі бар. Ол осы уақытқа дейін үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или