Льюис пен Хокит Ақ үйдегі турнирде жұдырықтасады
Америкалық ауыр салмақтағы файтер Деррик Льюис Джош Хокитпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz. Турнир 14 маусымда Вашингтондағы Ақ үйдің оңтүстік алаңында өтеді.
Бұл айқас кардқа АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен қосылған. Мұны UFC басшысы Дэйна Уайт мәлімдеді.
Хокит бұған дейін UFC 327 турнирінде Кертис Блэйдсті жеңіп, көзге түскен еді. Сол кездесуді Трамп та тамашалаған.
Дэйна Уайттың айтуынша, президент Льюистің турнирде неге жоқ екенін сұрағаннан кейін, ол дереу файтермен байланысып, жекпе-жекке келісім алған. Кейін Хокитпен де келіссөз жүргізіліп, айқас ресми түрде бекітілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или