Қазақстандық файтер Nomad FC-де сәтті дебют жасады

Қазақстандық файтер Nomad FC-де сәтті дебют жасады

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы қырғызстандық Қайрат Нұрбай уулу болды. Жекпе-жек жеңіл салмақта ММА-ның тек стойкадағы ережесімен өтті және екі спортшы үшін де Nomad FC-дегі алғашқы кездесу саналды.

Айқас ұзаққа созылмай, бірінші раундта Жұмағұлов қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша қазақстандық файтер жаңа лигада сәтті дебют жасаса, Қайрат Нұрбай уулу алғашқы жекпе-жегін жеңіліспен аяқтады. Сонымен қатар, Жалғас Жұмағұлов келесі кездесуін 6 маусымда өткізіп, Oktagon лигасында бразилиялық Игор Севериноға қарсы чемпиондық белбеу үшін айқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или