Жеңіліс көрмеген қазақстандық жауынгер OCTAGON 86 турнирінде октагонға шығады

Жеңіліс көрмеген қазақстандық жауынгер OCTAGON 86 турнирінде октагонға шығады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық жауынгер, «Сапсан» лақап атымен танымал Бақдәулет Қорғанбай (5-0-1) Ташкенттегі OCTAGON 86 турнирінде кіммен кездесетінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жергілікті файтер Анвар Гоюбовпен (4-1) айқасады. Еске сала кетейік, турнир 1 мамырда өтеді.


Турнирдің басты оқиғасында жеңіл салмақтағы ұйымның жеңілмеген чемпионы қазақстандық Саят Абдуали (9-0) өзбек файтері Асадбек Саидовқа (7-0) қарсы белбеуді қорғайтын болады.

Айта кетейік, қазақстандық файтер Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров  біздің басылымға берген сұхбатында Абдуалиды отандық жауынгерлер арасында UFC-мен келісімшартқа отыруға басты үміткер ретінде атады.

Бұған дейін «Аватар» тағы бір танымал өзбек файтері Амирхон «Қоқанд арыстаны» Алихуджаевты (12-6) жеңіп, чемпиондық титулды жеңіп алған болатын.

OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink

OCTAGON турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 85 турнирінде тағы бір нокаут тіркелді

OCTAGON 85: қазақстандық файтер өзбек қарсыласын сұлатып түсірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или