Қазақстандық жауынгерге жеңіс үшін нокдаун да кедергі болмады
Орталық Азия жекпе-жек лигасы 1xbet-пен серіктестікте ұйымдастырған OCTAGON 1XBET SELECTION 62 турнирінде ең жеңіл салмақта қазақстандық және өзбекстандық жауынгерлердің айқасы нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Тимур Алмахан өзбек файтері Муслихиддин Зохидовқа қарсы жекпе-жек өткізді.
Раундтың алғашқы секундтарында Алмахан таза нокадуанға түсіп, қарсыласынан бірнеше дәл соққыларды жіберіп алды. Осыған қарамастан, бұл жағдай тордағы оқиғаларды одан сайын шиеленістіре түсті. Айқасқа қайта орала алған 20 жастағы жауынгер бірінші раундтың соңында нокаут тіркеп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтай алды.
Жекпе-жекті төменде сағат 17:35-тен бастап көруге болады:
OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 85 турнирінде тағы бір нокаут тіркелді
OCTAGON 85: қазақстандық файтер өзбек қарсыласын сұлатып түсірді