Қазақстандық шабуылшы «Тұран» клубына ауысты

Қазақстандық шабуылшы «Тұран» клубына ауысты

Қазақстандық футболшы, бұрынғы «Оқжетпес» футбол клубының шабуылшысы Шыңғыс Флюк жаңа маусымда «Тұран» намысын қорғайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен толыққанды түрде «Тұранға» ауыстым. Қазір дайындық үстіндемін және күшті формада оралуға тырысамын. Мұнда тамаша команда жиналды: барлық жігіттер еңбекқор, және біздің мақсат – ҚПЛ-на бірінші орынменн шығу», – деді 24 жастағы форвард.

Соңғы рет Шыңғыс Флюк алаңға өткен жылдың қазан айында шыққан. Бұған дейін ол «Шахтер» және «Оқжетпес» командаларында өнер көрсеткен. Футболшы 73 матчта 31 гол соғып, 4 ассист жасаған.

«Тұран» 2026 маусымына құрамын жариялады

Григорий Бабаян құрамның әлсіз екенін тілге тиек етті

ҚПЛ: Төртінші тур матчтарына жиналған көрермендер саны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или