Геннадий Головкин: «Менің де ұлым хоккейге барады»

Кәсіпқой бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин «Барыс» хоккей клубы мектебінің жас тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл кездесуді ұйымдастырған «Цеснабанк» АҚ болатын, өйткені аталған банк боксшының бас демеушілерінің бірі.

«Бізге сіздермен бірге жұмыс істеу абырой. Өздеріңіз білетіндей біз көп жылдардан бері «Цеснабанк» пен «Барыс» ХК және «Барыс» балалар мектебімен әріптеспіз. Сондықтан, біз Геннадий Головкиннің арнайы келіп, сіздермен өзінің құпиясымен бөліскенін қаладық», - дейді Цеснабанк директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбек.

Головкин өзі кәсіпқой боксшы болса да, бұл спорт түріне бәй-жәй қарамайтындығын айтты.

«Маған хоккей өте ұнайды. Бірақ мен боксқа бардым, жақсы нәтижелерге жеттім. Менің айтқым келгені барлығы да мүмкін, барлығы да сіздердің қолдарыңыздан келеді. Менің ұлым да хоккейге барады, бұл спорт түрін жақсы көріп те кетті. Сондықтан отанымыз Қазақстанды әлемге таныта беріңіздер. Бұл өмірде барлығы да мүмкін, сондықтан алға қарай ұмтыла беріңіздер», - деді Головкин жас хоккейшілерге.

GGG балалар мектебіне өзінің алтын былғары қолғабын естелікке тарту етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или