Актер Царукянға қарсы шығу ұсынысын қабылдамады

Актер Царукянға қарсы шығу ұсынысын қабылдамады


Танымал актер Том Харди UFC жауынгері Арман Царукянға қарсы белдесуге қатысты ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұған дейін Царукян Hype FC лигасының турнирінде өнер көрсетіп, Шара Буллет лақап атымен танымал Шарабутдин Магомедовпен жекпе-жек өткізген еді.

Hype FC әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Хардиге Царукянмен джиу-джитсу ережесі бойынша кездесу ұсынылған. Алайда актер түсірілім кестесінің тығыздығына байланысты бұл ұсынысты қабылдай алмаған. Оның айтуынша, ол 2026 жылдың наурызына дейін толықтай кино жобаларымен айналысады.

Том Харди джиу-джитсудан күлгін белбеу иегері. Ол бұл спорт түріне «Жауынгер» фильміне дайындық барысында қызығып, кейін бірнеше турнирде жеңіске жеткен.

Холли Холм бокста титулды қайтара алмады

Жалғас Жұмағұлов: Мен үшін ММА — жай ғана спорт емес

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или