Уайт Махачев пен Делла Маддалена айқасына баға берді
UFC басшысы Дана Уайт 16 қарашаға қараған түні Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегіне тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Полусредний салмақтағы титул үшін өтетін айқаста Ислам Махачев австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы шығады. Уайттың айтуынша, Делла Маддалена жекпе-жекке 18 кездесудегі жеңіліссіз сериямен келіп отыр және Белал Мухаммадты жеңіп, белбеу алғанын дәлел ретінде атап өтті. «Егер Джек тағы да жеңсе, титулды ұзақ уақыт ұстайтын чемпионға айналуы мүмкін», — деді ол.
«Ал Ислам жеңсе, Топурияны pound-for-pound рейтингінің бірінші орнынан түсіреді», — деп қосты Дана Уайт TMZ Sports-қа берген сұхбатында.
Артем Резниковтың бұрынғы қарсыласы Бразилиядағы турнирде жеңіске жетті
UFC 322 турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді. Видео
UFC 322: Махачев пен Маддалена жекпе-жек алдында көз түйістірді