Виктор Антипин «Барыстан» кеткеннен кейін ҚХЛ-да жаңа клуб тапты

Виктор Антипин «Барыстан» кеткеннен кейін ҚХЛ-да жаңа клуб тапты

«Лада» маусым-2025/26 соңына дейін екі дүркін Гагарин кубогының иегері Виктор Антипинмен біржақты келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тольятти командасының сапында 32 жастағы қорғаушы 9-нөмірмен өнер көрсетеді.

Антипин Құрлықтық хоккей лигасында 2010/11 маусымында дебютін жасап, ҚХЛ-да 743 матч өткізіп, 235 (78+157) ұпай жинаған. «Металлург» сапында екі мәрте Гагарин кубогын (2014, 2016) жеңіп алды. Өткен маусымда тәжірибелі қорғаушы «Барыс» құрамында ойнады.

Антипин Ресей құрамасы сапында әлем чемпионаттарының күміс және екі қола жүлдесінің иегері атанған.

Еске салайық, шілде айының басында Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) баспасөз қызметі тольяттилік «Ладаның» Батыс конференциясына ауысқанын хабарлаған болатын.

Александр Овечкин мұзға қайта шықты

17 жастағы қазақстандық хоккейші Квебек лигасында жаңа клубқа өтті

Қазақстан құрамасының қақпашысы ҚХЛ матчының басты жұлдызы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или