Айдар Жамалов Ташкенттегі турнирде жеңіліс тапты
Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 79 турнирінің алғашқы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта 19 жастағы қазақстандық Айдар Жамалов (2-0) 21 жастағы өзбек спортшысы Анвар Гоюбовпен (1-0) кездескен еді.
Бірінші раундта Гоюбов айқын басымдық танытып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауға шақ қалды, бірақ тұншықтыру әдісін сәтті орындай алмады. Екінші раундта рефери айқасты тоқтатып, Гоюбовтың техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Саят «Аватар» Абдуали (8-0) мен өзбекстандық Амирхон Алихуджаев (12-5) чемпиондық белбеу үшін кездеседі. Ал ко-мэйн ивентте тәжірибелі тәжік файтері Фазлиддин Мадрахимов (14-6-1) Өзбекстан өкілі Мавлонбек Миркомиловпен (8-3-1) күш сынасады.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 78 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңіске жетті
OCTAGON 77 турнирінде бүйірден жасалған соққы айқасты ерте аяқтауға себеп болды
OCTAGON 77 турнирінде қазақстандық жеңілмеген файтер өнер көрсетеді